ЖАППАЙ КӨКПАР — ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ

ЕПТІЛІК ПЕН КҮШТІЛІКТІҢ НЫШАНЫ САНАЛАТЫН ОЙЫННЫҢ РЕСМИ ПАРАҚШАСЫ.

Көкпар туралы

Image

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.

Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын. Көкпар – Қазақстандағы ең белгілі ұлттық ойындардың бірі. Көшпенді халықтың өмірінде ат құлағында шебер ойнау маңызды болған. Көкпар өте жылдам ойын, басынан соңына дейін жылдам темпте өтеді. Спортшылардан шыдамдылықты, ептілікті, батылдылықты және ат үстіндегі шеберлікке үйретеді. Сонымен қатар көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Бұл жерде ат үстінде шабандоздар серкеге таласып оны тақымына қысып қазандыққа салу керек. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады.

Ойын ережесі. 1949 жылы Қазақстанда көкпардың жаңа ережесі бекітілді. 1958 жылдан бастап көкпар ипподромда өткізіледі. Ойын, ұзындығы 200 метр, ені 80 метр алаңда өтеді. Екі қазандықтың арасы 120 метр. Ұзақтығы 20 минуттан екі тайм ойнатылады. Ойыншының мақсаты серкененің денесін жерден көтеріп тақымына қысып, қарсыласының қазандығына салу керек. Қарсыласының қазандығына көп салым салған команда жеңіске жетеді. Жігіттер барлық ойын дәстүрлерін ұстауға тырысады, кейбір қатігез айлалар қазіргі көкпарда тиым салынады. Мысалы ойыншы серкенің денесін көтеріп жатқанда шабуылдауға болмайды және қарсыласын қамшымен ұруға қатаң тиым салынады. Шабандоздарға көрермен жаққа шабуға, ал көрермендер серкенің денесін жерден алып беруге болмайды.

Федерация

ЖАППАЙ КӨКПАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • Республикалық, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру;
  • Жарысқа демеушілер тарту;
  • Жарыс өткізуге ниетті жекелеген тұлғалармен қарым-қатынас орнату;
  • Белгіленген мерзімде өткізілетін жарыстардың күнтізбесін дайындап, уақытында жариялау;
  • Жаппай көкпарды насихаттау;
  • Спорт төрешілерін даярлау;
  • Спортшылар мен төрешілер рейтингін жүргізу, кінәлі болғандарға айып мөлшерін белгілеп, орындалуын қадағалау;
  • Ойын ережелері, жарысқа қойылатын талаптар, жарысты өткізу ережелері мен спорттық нормативтер разрядтарын айқындау.

Басшылық

Image

Дирманов Ғани Ерғалиұлы

"Қазақстан Республикасының Жаппай Көкпар Федерациясының" президенті

Image

Айтбаев Ғалым Қуанышұлы

"Қазақстан Республикасының Жаппай Көкпар Федерациясының" вице-президенті

Image

Перналиев Асқарбек Жақыпбекұлы

"Қазақстан Республикасының Жаппай Көкпар Федерациясының" тәртіп кеңесінің төрағасы

Image

Дүйсенбай Мырзагелді Жұмабайұлы

"Қазақстан Республикасының Жаппай Көкпар Федерациясының" төрешілер кеңесінің төрағасы

«Көкпар» федерациясының филиалдар тізімі

Tooltip text

Ақмола облысы

Мамиров Ералы Ануарұлы
Мамиров Ералы Ануарұлы

Астана қаласы бойынша "ҚР Жаппай Көкпар федерация" төрағасы

Алматы облысы

Ержан Нұршат
Ержан Нұршат

Алматы облысы бойынша "ҚР Жаппай Көкпар федерация" төрағасы

Тәттібеков Самат Ғамалұлы
Тәттібеков Самат Ғамалұлы

Алматы қаласы бойынша "ҚР Жаппай Көкпар федерация" төрағасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Тастемиров Нұрлан Қуанышбайұлы
Тастемиров Нұрлан Қуанышбайұлы

Шымкент қаласы бойынша "ҚР Жаппай Көкпар федерация" төрағасы

Қарағанды облысы

Шайхин Нұржан Жетпісбайұлы
Шайхин Нұржан Жетпісбайұлы

Қарағанды облысы бойынша "ҚР Жаппай Көкпар федерация" төрағасы

Ұлытау облысы

Қанай Ғабит Балтабайұлы
Қанай Ғабит Балтабайұлы

Ұлытау облысы бойынша "ҚР Жаппай Көкпар федерация" төрағасы

Қызылорда облысы

Әбсейітов Нариман Көпболұлы
Әбсейітов Нариман Көпболұлы

Қызылорда облысы бойынша "ҚР Жаппай Көкпар федерация" төрағасы

Жетісу облысы

Меделов Нұрлан Нұрахметұлы
Меделов Нұрлан Нұрахметұлы

Жетісу облысы бойынша "ҚР Жаппай Көкпар федерация" төрағасы

Атырау облысы

Килимов Ренат Алқамұлы
Килимов Ренат Алқамұлы

Атырау облысы бойынша "ҚР Жаппай Көкпар федерация" төрағасы

Қостанай облысы

Шалғымбаев Асхат
Шалғымбаев Асхат

Қостанай облысы бойынша "ҚР Жаппай Көкпар федерация" төрағасы

Батыс Қазақстан облысы

Жақын арада ашылады

Маңғыстау облысы.

Жақын арада ашылады

Ақтөбе облысы

Жақын арада ашылады

Солтүстік Қазақстан облысы

Жақын арада ашылады

Жамбыл облысы

Жақын арада ашылады

Павлодар облысы

Жақын арада ашылады

Шығыс Қазақстан облысы

Жақын арада ашылады

Күнтізбелік жоспар



Жаңалықтар

blogprogram.ru
Image

«Жамбы ату» федерациясының бас демеушісі - «Alageum Electric» АҚ

«Alageum Electric» — Қазақстанның электр энергетикасы, электр машина жасау және құрылыс салу саласында әрекет ететін 30-дан астам кәсіпорындар мен зауыттарды қамтитын ірі электр техникалық компаниясы. 2023 жылдан бастап компания «Жамбы ату» федерациясының бас демеушісі болып келеді.

«Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Ұлттық спорт түрлері - халықтың тарихын бейнелейтін біздің рухани байлығымыз. Жамбы ату спортының Қазақстанда ғана емес, әлемде де жаңғырту және дамыту үшін бар күшімізді саламыз».

«Alageum Electric» ресми сайтына өту

Серіктестер

Жарнамаға ұсыныстар үшін